АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР, АВТОМАТИКА ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ ҰЖЫМЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ – РЕКТОР ТАЛҒАТ ИЛЬЯСҰЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ

2021 жылдың 8 - шілде күні университет ректоры Талғат Ильясұлы «Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация» факультетін аралап, факультет кафедраларының материалдық-техникалық базасымен танысып шықты.

Сонымен қатар, ректор әлемдік ғылымның жедел дамуы шеңберінде университеттің дамуындағы факультеттің рөлі мен міндеттеріне тоқталды.
Факультет ұжымы атынан «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының профессоры М.С.Туленбаев ректорға алғысын білдіріп, факультетте атқарылып жатқан жұмыстар туралы қысқаша баяндады.

Университет басшысы факультет ұжымына бар күш-жігерлерін өз құзыреттіліктерін дамытуға, білімдерін жинақтай отырып, біліктіліктерін нығайтуға кеңес берді.

Медиа-қызмет

Прочитано 1009 раз
Top