ЖАУЫНГЕРЛІК ДАЯРЛЫҚТАН СЫНҒА ТҮСТІ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Әскери кафедраның ұйымдастыруымен жауынгерлік даярлық нормативтерін үздік орындау бойынша байқау өтті.

ҚР Әнұранымен басталған шарада Дулати университеті Басқарма төрағасы-ректордың  м.а. Ержан Әмірбекұлы мен Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректордың м.а. Нұрзада Әбдібекқызы құттықтау сөзін сөйлеп, болашақ сарбаздарға сәттілік тіледі.

Байқау өткізуге жауапты запастағы подполковник Ж.П.Наурызбаев әскери кафедра басқарушысының орынбасары, запастағы подполковник М.Ф.Әлібековке студенттердің байқауды өткізу дайындығы туралы баяндады.

Әскери кафедра студенттері АК-74 Калашников автоматын толық емес бөлшектеу және құрастыру, әскери қорғаныс жиынтығын және газтұмылдырықты кию, Макаров ПМ тапаншасын электронды лазерлік тирде ату және белтемірге тартылу бойынша сынға түсті.

Жауынгерлік даярлық нормативтерін орындаудың әрбір түрі бойынша I, II, және III орын алған студенттер грамоталармен марапатталды.


Медиа-қызмет

Прочитано 1224 раз
Top