ҰТЫМДЫ ОЙДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Жастар арасында мемлекет пен отбасы деген ұғымды терең түрде насихаттау мақсатында  университет белсенді студенттерінің арасында пікірталас сайысы өтті.

Пікірталасқа  Қазақ филологиясы мамандығының 3-курс студенті Бектас Саурамбаев және Информатика мамандығының 3-курс студенті Нұрдәулет Ескермес, Экономика және құқық факультетінің 3-курс студенті  Бекзат Жұмашов пен Мәдениет және өнер кафедрасының 2-курс студенті  Алима Қалисаева қатысты.

«Қоғам мүддесіне қарағанда – отбасы мүддесін жоғары қояды» тақырыбында өткен пікірсайыста "Еркін ойлар алаңы" интеллектуалды пікірсайыс клубының аға буыны,  филология мамандығының 4-курс студенті  Бақдәулет Бақбергенұлы төрешілік етті.

Пікірсайыс клубының ережесі бойынша алдымен фракциялар реттік санын анықтап алды. Бірінші болып пікірсайысқа түсетін «Бектас және Нұрдәулет» фракциясы үкімет, «Бекзат және Алима» фракциясы оппозиция ретінде ой таластырды. «Қоғамда орын алатын жағымсыз құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлықпен күресті ерте жастан бастап, жемқорлыққа қарсы күресті ата-ана үйретуі тиіс. Бірінші отбасыны тәрбиелемей, мемлекетті түзей алмаймыз» деген қатысушылар ойларын ұтымды жеткізе алды.

Пікірсайыс қорытындысы бойынша үздік ой-пікірлері мен жауаптарының нәтижесінде «Бектас және Нұрдәулет»  жеңіске жетті.

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры  Айбек Қанатұлы «Жастар арасында отанға, отбасыға деген мәдениет қалыстастыруда осындай шаралар өткізу тиімді, студенттер ізденеді, осылайша олардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптасады және тәрбие деген ұғымның отбасыдан бастау алып, қоғамдық деңгейге көтерілетінін түсіне алады»-деді.

Жеңімпаздар арнайы кубокпен марапатталды.

Медиа-қызмет

Прочитано 1209 раз
Top