ТӘЛІМІ ТЕРЕҢ КЕЗДЕСУ

Жастар ісі жөніндегі комитет пен  Тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімнің ұйымдастыруымен Коворкинг орталығында   Совет одағының батыры,  жерлесіміз Ағаділ Суханбаевты еске алу кеші болып өтті. 

Батырдың ерен еңбегін жас ұрпақтың санасына сіңіру, сол арқылы жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында өткен шараға зиялы қауым өкілдері, оқу орнымыздың оқытушылары мен студенттері қатысты.

Белгілі журналист Тұрсынхан Толқынбайұлы Ағаділ Суханбаев туралы жазған «Жай отындай жарқылдап» кітабын көрермен назарына ұсынды, әрі батырдың ұлы Отан үшін күрескен батырлығы туралы айтса, Молдабаева Ұлдана Еділбайқызы атамыздың пулеметті өз денесімен жапқан ерлігі туралы аңызға толы әңгімелерімен бөлісіп, «Заман сыры» кітабының ерекшелігі туралы тоқталды. Кеш қонақтары профессор, оқу орнымыздың Ардагерлер кеңесінің төрағасы  БолатҮсембайұлы,  аға оқытушы, подполковник Ұлықбек Жұмабеков,  Ардагерлер кенесінің мүшесі Нұржан Жапарұлы қатарлы азаматтар қазақтың біртуар перзенті туралы тәлімі терең әңгімелерімен бөлісті.

Медиа-қызмет

Прочитано 1173 раз
Top