ЕКІЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен «Қазақстанның биосаналуандылығын сақтау қоры» ортақ Меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында «Батыс Тянь-Шаньның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын басқарудың тиімділігін арттыру» жобасы жүзеге асады деп күтілуде. Жоба бойынша жоғары оқу орындарындағы экологиялық мамандық студенттерінің арасында экологиялық білімді тарату көзделеді. Сондай-ақ, ЖОО студенттері үшін Батыс Тянь-Шаньда мекендейтін және өсетін жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және қауіп төндіретін түрлері туралы ақпаратты қамтитын материалдар әзірленіп берілмек.

Студенттер арасында аймақтың табиғаты туралы сауалнама жүргізіліп, Жуалы ауданы ауылдарының бірінде экологиялық мамандық студенттеріне экскурсия ұйымдастыру үшін су үнемдеу технологиялары мен жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын қолданыстағы қондырғылары бар экологиялық демонстрациялық алаң жабдықталады.

Жоба аса қиын жағдайдағы экожүйелерді сақтау үшін Ынтымақтастық қоры (СЕРF) (АҚШ) грантының қаражаты есебінен іске асырылады.

Медиа-қызмет

Прочитано 1324 раз
Top