ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ

Дулати университеті «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлттық бірегейлік» бағыты аясында шетелдік студенттер арасында «Этномериада» тақырыбында тимбилдинг өтті.

Тимбилдинг бұл топты біріктіруге және команданың ортақ міндеттерін шешу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған әртүрлі іс-шаралар (экстремалды, психологиялық, зияткерлік, шығармашылық).

Жиынды облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ бас сарапшысы Альбина Тапаева жүргізді. Іс - шараның негізгі мақсаты - университетте білім алып жүрген шетелдік студенттерге қолдау көрсету, мемлекеттік тіл деңгейін арттыру, ұлттық мәдениетпен таныстыру. Сондай-ақ бас сарапшы Альбина Тапаева студенттерге     халықтар арасындағы татулық пен ынтымақтастықтың маңыздылығы туралы бірқатар мәлімет берді.

Студенттер әр түрлі тақырыпта ойын түрінде ұйымдастырылған тапсырмаларды орындады. Қашықтан оқыған студенттердің танымдық әрі қызықты іс-шараларға сусап қалғандығы көрінді. Себебі іс-шара барысында студенттер диалогқа да, ойын түріндегі сайысқа да белсенді қатысты.

Жиын соңында шаршы топты жарып шыққан студенттер «Қоғамдық келісім» КММ-нің сыйлықтарымен марапатталды.

тимп1ex

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

тимбильx

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Медиа-қызмет

Прочитано 1955 раз
Top