ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА ONLINE-ДА ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

Ұстаз институты, «Білім берудегі менеджмет» кафедрасының ұйымдастыруымен «Психологиялық-педагогикалық практика» тақырыбында онлайн практикасы өтті.

Іс-шараның мақсаты: пәндерді оқытудан алған теориялық білімдерін бекіту негізінде білім беру процесінің психологиялық-педагогикалық шеңберінде практикалық біліктері мен базалық іскерліктерін қалыптастыру.

Практика барысы, К.Д.Бузаубакова, С.Ж.Бупетаева, А.С.Берденова дайындаған «Психологиялық-педагогикалық практикасы» 2-курстарға арналған электронды күнделік арқылы жүзеге асырылды.

Студенттеріміз үшін атқарылатын практикалық тапсырмалар 10 күнге бөлініп, әртүрлі тақырыптармен бекітілді.

Практиканың 2-ші аптасында студенттермен бірге «Педагогтың әлеуметтік-педагогикалық бейнесін жасау» тақырыбын Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқу-ісі жөніндегі орынбасары, математика пәнінің мұғалімі Дәулет Тюлькибаевич мырзамен кездесу өткізді. Жаңа тұрпатты мұғалім бейнесінің жан-жақты дамуы, әрбір пәнге болашақ балалар үшін жаны ашитын нағыз маман болуы керек екендігі, сонай-ақ мұғалімдердің ұдайы оқудан, ізденістерден тұратыны айтылды.

КДМ (кәсіптік даму мақсаты) бойынша жұмыс, әріптестермен бірлесіп сабақ жоспарлау,өзара сабаққа қатысу, қашықтан оқу курстары : (Microsoft, academia.kz, https://welcome.stepik.org/ru), Lesson Study,қосымша сабақты қажет ететін оқушылармен консультация, ТЖБ, БЖБ нәтижелерін талдау т.б жұмыстардың атқарлатынын жіті түсіндірді. Сондай-ақ кашықтан оқыту барысында оқу платформаларының түрлерін пайдаланып көптеген курстарға, вебинарларға, зерттеу жұмыстарына қатысып, оқушыларды да осындай жарыс, олимпиядаларға қатыстырып шыңдау керек екендігі айтылды.

Ниязов Дәулет мұғалімнің моделін жасауда келесі бағыттарды атап өтті: бірінші - оқушылардың оқу жетістігін дамыту, екінші-оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарға, олимпиядаларға, конференцияларға қатыстырып дамыту, үшінші- әріптестермен бірлесе жұмыс жасай отырып, өзін дамыту керек екендігі студенттерге түсіндірілді.

Практиканы қашықтан ұйымдасттыру жұмысы студенттеріміз үшін болашақта әркезде, кез келген жағдайдан шығуға болатынын айқын көрсетті. Қалаған мамандықтарының иегері атанып, дәстүрлі оқыту мен online оқытудың аражігін ажыратып, педагогикалық өмір бастамаларына үлкен сабақ болды. Бұл да өмірлік тәжірибе деп санаймын.

практикаx 

Гүлмира Орал, «Білім берудегі менеджмент»

кафедрасының оқытушысы

Прочитано 2050 раз
Top