БАТЫР ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Жауынгер жазушы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына биыл 110 жыл. Осыған орай университетімізде «Бауыржан Момышұлы: Тәуелсіздіктің тарихы мен тағылымы» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Zoom платформасында ұйымдастырылған бұл конференцияға бауыржантанушы ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен қызметкерлері, мұражай өкілдері қатысты.

Жиынды кіріспе сөзімен ашқан университет ректоры Махметғали Нұрғалиұлы жыл бойы батырдың құрметіне әр факультетте түрлі іс-шаралар ұйымдастырылғанын, студент жастар Бауыржан Момышұлының мұраларымен танысып, зерттеу жұмыстарына арқау еткенін айтты. Келесіде Б.Момышұлы атындағы «Жас ұлан» әскери мектебінің директоры Манап Батырбаев құттықтау сөзін жолдады.

Республикалық конференция барысында халық қаһарманына арналған ұлы тұлға жайында университетіміздің Студенттік телестудиясы түсірген«Ар-намысты арқалаған рухты батыр Бауыржан» фильмі көрсетілді.

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор, «Бауыржантану» ҒЗО-ның жетекшісі Мекемтас Мырзахметұлы «Бауыржан Момышұлы – әскери ағартушылық әдебиеттің негізін салушы» тақырыбында баяндама жасады. Ғалым халық қаһарманының әлі де жарыққа шықпаған мұраларының бар екенін, Көп мәліметтер Ресейде, Кубада жатқаны жайында тың деректер ұсынды. Барлық мәліметтер жинақталып, жүз томдық кітап шығару жұмысы қарқынды жүріп жатқанын жеткізді. Сондай-ақ, Мекемтас Мырзахметұлы жауынгер жазушыны зерттейтін адам әскери қызметкер болу керегін де айтты. Яғни, әскери өмірден хабары бар адам ғана осы тақырыптың қыр-сырын ұға алады деді.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор, әскери ғылымдардың кандидаты Ким Серікбайұлы «Батырдың майдандағы ізі, даналық сөзі» тақырыбында баяндама жасады. – Бауыржан Момышұлы – менің пірім. Туғанымдай болды. Батырдың көзін көргендердің бірі менмін. Ол кісі туралы біршама мақалалар, зерттеу жұмыстарымды жаздым. 100 томдыққа енеді деп ойлаймын.   Баукеңнің соғыс өнері, ерлігі, болмысы, қайсарлығы көпке үлгі. Ол кісінің ұрыс тактикасы ерекше болды. Жауынгерлерін шығынсыз ұрыс алаңынан алып шыққан батырдың «Бауыржановская спираль» теориясы әскери ғылымға енген, - деді. Ким Серікбайлы өз сөзінде әскер саласында «Б.Момышұлы», «Қасым Қайсенов», «Талғат Бигелдинов» атындағы орден, мадельдар жасалса деген ұсынысын білдірді.

Жиында Бауыржан Момышұлының жары Ғаникамал Баубекованың қызы Мақпал Мусина сөз алып, өз естелігімен бөлісті. Жеке архивінде сақталған фотоларын көрсетіп, тарихына тоқталды.

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Бауыржантанушы Мұхтар Қазыбек Б.Момышұлының «Психология войны», «Қанмен жазылған кітап» еңбектерінің мазмұнына үңіліп, майдангер жазушының жауынгер жанын зерттеуде психологиялық талдауларымен таныстырды. «Ұрыстың атасы – командир. Капитанның бойында қорқыныш болса ол өз жауынгерлерінің басын қатерге тігеді. Адам ең алдымен өз қорқынышын жеңу керек», - деген ғалым өз жауынгерлерін майдан отынан аман алып шыққан батырдың ұрыс тактикаларының шеберлігі жайында да ой қозғады.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Сәмен Құлбарақ «Бауыржан Момышұлы және Тахауи Ахтанов» тақырыбында баяндама жасады. Екі майдангер жазушының рухани үндестігін, майдан шындығын суреттеуде жазушылардың шеберлігін айтып, жазушының «Қаһарлы күндер» романын жан-жақты талдады.

ҚР Орталық мемлекеттік архиві, жеке тектік тарихи-құжаттық коллекциялармен жұмыс жасау бөлімінің қызметкері Құлай Дауыт 1952 жылы Б.Момышұлы өз қолымен құжат тапсырғанын, олардың көбі жазушы кітаптарының алғашқы түпнұсқалары, күнделіктері, есептері мен хаттары екенін айтты. Солардың біршамасын көрсетіп, сирек құжаттарды ұсынды. Архив қызметкері батырдың мұраларымен жақынырақ танысам, еңбегін зерттеймін деген кез-келген адам бұл тарихи деректермен танысуына мүмкіндігі бар.

Республикалық конференцияға қатысушы басқа да бауыржантанушы ғалымдар, архив қызметкерлері тың деректер мен

iбаукенex iбауыржанxбаууx

 

 

Медиа-қызмет

Прочитано 1723 раз
Top