ЖАҢА «OQÝ AIMAǴY» АШЫЛДЫ

Дулати университетінде Кітапханалық- ақпарттық орталығының ұйымдастыруымен «LIBRARY AWARDS – 2020» атты іс-шара педагогикалық кешеніндегі «бір терезе» қағидасына негізделген заманауи ашық «OQÝ AIMAǴY» ашылу салтанаты өтті.

Дәстүрге айналған іс-шараның негізгі мақсаты- жастарды кітап оқуға шақыру, елдің рухани және мәдени дамуына үлес қосқан жазушылардың еңбегімен таныстыру, қызығушылығын арттыру.

Алғашқы құттықтау сөзін бірінші проректор м.а Ержан Әмірбекұлы алып, бүгінгі кітапханашының қызметі оқырманға қажет кітабын тауып берумен ғана шектелмейтін, қызмет көрсету үлгісінің сан қырлылығын айтты. Кітапханашыларға кітап құндылығы жайлы қоғамның көзқарасын дұрыс қалыптастыру керектігін түсіндірді. Кітапханашы қызметінің абыройлы мамандық екенін айтып, Гүлжан Жеңісбекқызына алғысын білдірді.

Іс-шара барысында ұйымдастырылған кітап көрмесіне «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында алынған кітаптар, университет профессор-оқытушылар құрамының ғылыми еңбектері, жаңа берілген оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар мен ғылыми әдебиеттер, жастардың өзін-өзі дамытуға арналған танымдық-көркем әдеби шығармалары қойылды.  «Әлем таныған Әл-Фараби», «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!», Рухани жаңғыру аясындағы «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Қазақ және әлем әдебиетінің үздік шығармалары» атты QR мобильді онлайн кітапхана оқырман назарына ұсынылды.

Осыдан кейін   Гүлжан Жеңісбекқызы кітапхананың атқарған бір жылдық жұмысын қорытындылады. Оқу орталығында қызмет көрсету технологиясы жаңартылып, енді студенттер «open space» форматында жұмыс істеуге мүмкіндік алған.

Жаңа жиһаздар және заманауи құрылғылармен жабдықталған оқу залында   жеке жұмыстар атқаруға қолайлы интернет орнатылған және топтық жұмыс жасайтын одан бөлек демалуға арналған кабинеттер бар.  

Жыл бойы кітапханада ұйдастырылған іс-шараларға қатысып, белсенділік танытқан оқытушылар мен студент-жастарды, кітапхананың үздік оқырмандарын «Белсенді онлайн оқырман», «Жыл оқырманы», «Үздік ұйымдастырушы», «Кітапхана волонтері» номинцияларымен марапаттады.

Іс-шара қызметкерлерге арналған АИБС МегаПро- жаңа буын кітапханалық жүйесі» оқыту треингімен және университеттің жас ғалымдарына арналған вебинармен жалғасын тапты.

DSC 5124DSC 5048

 

  Медиа-қызмет

Прочитано 1532 раз
Top