«Қазақстан волонтерлар лигасы» Жамбыл облысы жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен «Ашық Жүрек» облыстық онлайн форумы өтті.
Іс-шараның мақсаты еріктілер жылы атқарылған жұмыстармен бөлісіп, алдағы жоспарлармен таныстыру болды.
Жиынға университет ректоры п.ғ.д., профессор Махметғали Нұрғалиұлы, Жастар саясаты мәселесі басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа қатысып, салтанатты кешті ашып берді. Өз сөздерінде ерікті жастардың жұмысына сәттілік тіледі.
Іс-шарада үздік еріктілер «Ашық жүрек» номинациясымен марапатталды.
Өз кезегінде «Ашық Жүрек» жобасының директоры Бауыржан Жұмат ерікті жастардың ерлікке лайық жұмыстарына тоқталып өтті. Пандемия кезінде көп балалы отбасыларға азық-түлікпен қамтамсыз еткенін, сондай-ақ басқа да іс-шараларға белсене қатысқанын жеткізді. – Бұл жылы біз, ерікті жастар сауапты істердің басы қасында жүріп, жақсы нәтижеге жеттік. Қарттар үйіне барып аула жұмыстарына көмектестік. Қоғамдық жұмыстарға атсалыстық. Осындай жақсы істің жанынан табылғанымызға біз қуаныштымыз,- деді белсенді студентіміз.
Жиында « Біргеміз; асыл мұра», «Forward to the future», «Qalday» жоба жетекшілері атқарған жұмыстармен таныстырды.
Жиын карантиндік сақтық шараларын ескере отырып, концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Медиа-қызмет