ҮЗДІКТЕР ҮМІТТІ АҚТАДЫ

Облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «17-қараша Халықаралық студенттер күні» мерекесіне  орай ұйымдастырылған облыстық «Үздіктер таңдауы» байқауы өз мәресіне жетті.

Пандемияға байланысты байқау онлайн дауыс беру форматында өтті. Өңір бойынша барлығы 120-ға жуық жас пен жастар ісі жөніндегі комитет жетекшілері қатысқан аталмыш байқау 7 номинация бойынша ең үздік студенттерді таңдады. Әлеуметтік желі қолданушылары «Instagram» желісі арқылы үздіктерді анықтады.                         

Сонымен онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша Дулати университетінің студенттері: «Өнерлі жас» номинациясымен республикалық жайдарман ойындарының қатысушысы, жас жайдарманшы  Еркебұлан Спабек, «Жас ғалым» номинациясымен республикалық «Үздік ғылыми мақала» байқауының жеңімпазы Шапағат Ермахан, «Үздік бейнеролик» номинациямен Дәулет Смағұлов, «Үздік студент» номинациясымен  Дәурен Мамыш және  «Жыл студенті» номинациясымен  Бауыржан Жұмат марапатталды.

Университет ректоры Махметғали Нұрғалиұлы жеңімпаз жастарды арнайы құттықтап, дипломдармен марапаттады.

DSC 0788

DSC 0785

Медиа-қызмет

Прочитано 1124 раз
Top