БАУЫРЖАН «ЖЫЛ СТУДЕНТІ» АТАНДЫ

17- қараша халықаралық Студенттер күніне орай жыл сайын өткізілетін «Жыл студенті» байқауы Жастар басқармасы қолдауымен ұйымдастарылды.

Бұл белсенді студенттік өмірді біліммен ұштастыра білетін білім алушыларға берілген мүмкіндік.

Жарыстың негізгі мақсаты: талапты, дарынды жастарды анықтау, үлкен жетістіктерге бағыттау.
Айта кетейік, аталмыш байқауға қатысушылар 7 номинация бойынша бақ сынады. Әр номинация өз кезегінде   үздіктерді истаграм парақшасында лүпіл басып анықтады. Жалпы 70 студент үздік атануға үмітті болып, бақ сынады.

Мұнай газ және механика факультеті «Машиналар және жабдықтар» кафедрасының 4-курс студенті Бауыржан Жұмат «Жыл студенті» атанды. Сондай-ақ, басқарма «Үздік студент», «Жас ғалым», «Өнерлі жас», «Үздік спортшы», «Үздік бейнеролик», «Үздік жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі» номинациялары бойынша мықтыларды анықтады.

 Медиа-қызмет

Прочитано 1402 раз
Top