ЕРУЛІК -ТАТУЛЫҚ ПЕН БАУЫРМАЛДЫҚТЫҢ БАСТАУЫ

Гуманитарлық әлеуметтік ғылымдар факультетінің "Ерулік -татулық пен бауырмалдықтың бастауы" тақырыбындағы бейнероликтер байқауының қорытындысы Zoom платформасында жарияланды.

Іс-шара Рухани жаңғыру бағдарламасы, «Дәстүр және ғұрып» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Аталмыш байқау 6 номинация бойынша анықталды:   Үздік креативті жұмыс, Қазыналы қариялар, Үздік кәсіби жұмыс, Үздік шығармашыл студент, Үздік жеке ізденіс, Үздік видео. Осы номинация бойынша бас жүлде, I, II, III орындар тағайындалды.

Бейнероликтерді түсіруге тек студенттер ғана қатыспай ата-аналары және әжелері, көршілері түгел қатысып, ерулік дәстүрін барынша дәріптеуге тырысқан.

Жаңадан көшіп келген, жапсарлас қонған отбасына бұрыннан отырған көршілері қонақасы береді, дәм-тұз татырып, ықылас-пейіл білдіреді. Ерулік беру арқылы жаңа көршілерін өздеріне етене жақындастыруды, бөтенсітпеуді де көздейді.

Профессор-оқытушы құрамнан құрылған әділ-қазылар университеттің барлық факультетінен келіп түскен 29 видеоны іріктеп, қатысушыларға сый-сияпат үлестірілді.

Сонымен қатар, байқауды ұйымдастырушы «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының оқытушылары қатысқан студенттер электронды дипломдармен марапатталды.

Ләззат Омаркулова

Прочитано 1325 раз
Top