БІЛІМГЕРЛЕР БІЛІМ БӘЙГЕСІНЕН ОЗА ШАПТЫ

      ҚР жоғары оқу орындары арасында ХІІ республикалық «Филология: қазақ филологиясы» пәндік олимпиадасы онлайн форматта Zoom бағдарламасымен өтті.

     Жылда ұйымдастырылатын білім бәйгесі биыл Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті   «Рухани жаңғыру» ғылыми-тәжірибелік орталығының қолдауымен ұйымдастырылды. Додада еліміздің  беделді 7 университеті бақ сынады.

     «Қазақ филологиясы мен журналистика» кафедрасының студенттері Меруерт Жайбергенова, Айдана Сарсенбай, Еркежан Жайылғанова қатысып өз білімдерін дәлелдеп, II орын иеленді. Еуразиялық ұлттық университетінің қатысушылары бір қадам алда болып, алғашқы орынды жеңіп алды.

      Қатысушы студенттердің жетекшісі филология ғылымдарының кандидаты, доцент Нусупова Асима Жеңісбекқызы ұйымдастырушылық танытқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.

 

Медиа-қызмет

Прочитано 1175 раз
Top