БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

    Үміт» балалар үйінде Жастар ісі жөніндегі комитеттен құрылған "Достық" студенттік жастар ұйымының ұйымдастыруымен «Бір үйдің баласындай» тақырыбында  қайырымдылық кеші өтті.

   Іс-шараның мақсаты: қамқорлық пен қолдауға мұқтаж, әр адамнан қайырымдылық, алақандарынан жылулық сезімін күтетін бүлдіршіндерге қолдау көрсету. Балаларға қуаныш сыйлау. Әрі бүгінгі жас буын бойында жанашырлық, қамқорлық пен мейірімділік сынды қасиеттерді ояту.

   Кеш барысында бүлдіршіндерді қуанту үшін көңілді қойылымдар қойылып, қызықты ойындар ойнатылды. Балаларға кішігірім сыйлықтар да үлестірілді.

   Балалар үйінің тәрбиешілері мен директоры өз ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты. Ізгілікке толы мұндай іс-шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Аружан Сатайбекова

«Достық» ұйымының көшбасшысы

Прочитано 1403 раз
Top