ҚАНЖЫҒАДА ҚОС ҚОЛА ЖҮЛДЕ

Спорттық бағдарлау бойынша Қазақстан Республикасының жазғы Чемпионатында Жамбыл облысының құрама командасы Дулати университетінің студенттері, "Сұңқар" спорт клубының мүшелері үшінші орынға ие болды.

«Сұңқар» спорт клубының қосалқы есебінде Дулати университетінің командасы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының спорт клубтары арасында спорттық бағдарлау бойынша Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Жарыс 2020 жылдың 25-30 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында өтті. Ұйымдастырушылар - ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы, Қазақстанның Ұлттық студенттік спорт одағы.

Жарысқа  облыстардың және Нұр-сұлтан, Алматы қалаларының 12 құрама командалары қатысты. Микс-эстафетада М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттері Дәуренбек Жұманбеков, Әділ Құдайиярбекова, Амал Сұлтанов, Әдемі Тұрғынбек, Бекзат Жеңіс, Алина Әпенова екінші орын алды.

Әйелдер командалары арасында эстафетада үшінші орынды университетіміздің спортшы қыздары: Нұрдана Қуандық, Аида Ғани, Аружан Шәріпқызы, Карина Ефимова иеленді. Жүлдегерлер медальдармен және дипломдармен марапатталды.

Жалпыкомандалық есепте Жамбыл облысының құрама командасы 3 орынға ие болды.  ШҚО (1 орын) және Нұр-сұлтан қаласы (2 орынды) жеңіп алды.

2021 жылғы Дүниежүзілік жазғы және қысқы студенттік Универсиадаға іріктеу кезеңінде ҚР жоғары оқу орындарының спорт клубтары арасындағы спорттық бағдарлау бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатында қосарлас есепте. Бұл ҚР Ұлттық құрама және студенттік командалар құрамына іріктеу кезеңдерінің бірі. Біздің үміткерлеріміз 12 студент-спортшы.

Аталған жарыстарға ҚР ЖОО-ның 12 спорт клубы қатысты. Жалпыкомандалық есепте М.Х. Дулати университетінің «Сұңқар» спорт клубының құрама командасы ШҚМТУ құрама командасы мен ШҚМУ командасына жол беріп, 3 орын иеленді.

Команданы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Жамбыл облысының спорттық бағдарлау бойынша аға жаттықтырушысы, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Дене тәрбиесі» кафедрасының аға оқытушысы Марат Жұманбеков басқарды. «Дене тәрбиесі» кафедрасының аға оқытушылары Жанар Бекбергенова мен Расылхан Айымқұлов студенттік құрама жаттықтырушыларды дайындады.

Қаржыландыру Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы есебінен жүзеге асырылды.

2020 жылдың 20-25 желтоқсанында Ақмола облысының Шучинск қаласында өтетін ҚР Қысқы кубогына М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеттің студенттік құрама командасы Жамбыл облысының құрама командасының құрамында дайындалуда.

Бекболат Шилібаев

 «Сұңқар» спорт клубы төрағасының м. а.

 

Прочитано 1321 раз
Top