ҮЗДІК ЕРІКТІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Жамбыл облысы “Қазақстан волонтерлар лигасы” салтанатты түрде волонтерларды қабылдау кешін өткізді.

«Ашық жүрек» жобасының мақсаты –жастар арасында волонтерлік қозғалысқа серпін беру, қозғалыс қағидасын түсіндіру, «волонтер» деген мағынаны жастар арасында кеңінен тарату.

Іс-шарада айдың үздік волонтерлары “Ашық жүрек” төсбелгісімен, сертификат, сонымен қатар кубоктар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Арнат Ұлтанбаев, Тараз жастар ресурстық орталығының директоры Абзал Есіркепов салтанатты кешті ашып, командаға сәттілік тіледі.

«Ашық жүрек» жобасының директоры Бауыржан Жұмат жоба жұмысымен  таныстырып, алдағы жоспарлармен бөлісті. Еріктілер бейджиктер, сертификаттар мен футболкалармен марапатталды.

Жиын карантиндік сақтық шараларын ескере отырып, концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Нұрсәуле Сейітбек, облыстық

Волонтерлар лигасының көшбасшысы

Прочитано 1135 раз
Top