«БЕС АСЫҚ» СПОРТ ТҮРІНЕН ОНЛАЙН ЖАРЫС ӨТТІ

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында университетіміздің профессор-оқытушылары мен қызметкерлері (ардагерлер) арасында «Рухани құндылықтарды, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жаңғырту» ұранымен «Шекемтас» спорт түрінен онлайн жарыс өтті.

Бұл іс-шаралар COVID-19 пандемиясы жағдайында халыққа көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылуда.

Жарыс Спорт клуб басшысы Бекболат Шилібаев пен «Дене тәрбиесі» кафедрасының оқытушылары: бас төреші Жанар Бекбергенова және төрешілер Расылхан Айымкулов, Жақсылық Тоқбергенов және «Спорт менеджменті» кафедрасының аға оқытушысы Дархан Мінәрбековтің ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Барлығы 22 ардагер профессор-оқытушы мен қызметкерлер қатысты. Нәтижесінде,  I орынға Джакупова Гаухар (Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің коменданты) ие болса, II орынды Сиротина Наталья  (Дене тәрбиесі кафедрасының аға оқытушысы)  өз қанжығасына байлады. Ал, Қосаева Айгүл (Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің коменданты) және Омарова Ардақ (Электроэнергетика кафедрасының аға оқытушысы) үштікті түйіндеді.

Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар, белсенділік танытқандар арнайы Мақтау қағаздары және дипломдармен онлайн түрде марапатталды.

Жанар Бекбергенова, «Дене тәрбиесі»

Кафедрасының аға оқытушысы

Прочитано 1255 раз
Top