«М.Х.ДУЛАТИ: МҰРАСЫ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМЫ»

3-қараша – Университетімізге М.Х. Дулати бабамыздың есімі берілген күн. Осыған орай  Гуманитарлық- әлеуметтік ғылымдар факультеті, Филология және журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен  3-қараша күні  «М.Х.Дулати: мұрасы және тағылымы» тақырыбында  ашық куратор сағаты өтті.

2,3,4-курс студенттері мен «Дулатитану» ғылыми зерттеу орталығының директоры, профессор Сәмен Оразғалиұлының қатысуымен өткен дәстүрлі іс-шара Zoоm платформасы арқылы ұйымдастырылды. Студенттер М.Х.Дулатидің шығармашылығына ерекше тоқталып, еңбектері туралы сөз қозғады.  Сәмен Оразғалиұлы  М.Х.Дулатидің өмірі мен еңбектері жөнінде тың мәліметтермен бөлісті.

Іс-шара бейнероликпен, студенттердің арнауларымен  өз жалғасын тапты. Сөз соңында Дулатитанушы Ғалия Абдыханова  мен     Әлия Түймебекова қараша айының 3-і күні  университетімізге Дулати баба есімі берілгендігі туралы айтып, студенттерді ғалым шығармашылығымен толық танысуға шақырды.

Айгерім Абылай,

Филология мамандығының 2-курс студенті

Прочитано 1269 раз
Top