2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНА УНИВЕРСИТЕТТІҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ЕСЕБІ НЕГІЗІНДЕ ОҚИТЫН 2253 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ТӨЛЕМАҚЫСЫНА ЖЕҢІЛДІК БЕРІЛДІ.

Әр оқу жылында университетте әлеуметтік көмекке мұқтаж студенттерге университет тарапынан төлемақыға жеңілдік беру Ережесіне сәйкес көмек әрқашан көрсетіліп отырады.

Оның ішінде
- мүгедек және тұлжетімдерге,
- отбасында бірнеше баласы біздің университетте ақылы негізде оқып жүрген студенттерге,
- ата-аналары мүгедек отбасынан шыққан студенттерге,
- әлеуметтік жағдайлары төмен отбасынан шыққан студенттерге және т.б. жеңілдіктер қарастырылады.

Сонымен қатар Дулати университетінің халықаралық, республикалық, облыстық жарыстарда ҚР жоғары оқу орындары студенттер арасындағы қысқы және жазғы Универсиадасында университеттің намысын қорғап, жеңімпаз және жүлделі орындарды иеленген белсенді спортшы-білімгерлер мен университеттің бастамасымен мектеп оқушылары арасында өткізілетін әр түрлі интеллектуалдық және олимпиада конкурстарының жеңімпаздарына, сонымен қатар облыстың, қаланың, университеттің қоғамдық-саяси, әлеуметтік өміріне қатысып, университеттің дамуына нақты үлес қосып жүрген белсенді білім алушыларға факультет декандарының тәрбие жұмысы бойынша Кеңесімен бірігіп берген ұсынысымен белсенді білім алушыларға да жеңілдіктер қарастырылады.

 

Прочитано 1268 раз
Top