«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мәдениет және өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ұлы даланың көне сарындары» атты дәстүрлі әндерден онлайнда концерт өтті. Онлайндағы концерт «VIDMEN» тобының Молдабайдың әнімен басталып, «Қарағым-ай», «Екі жирен», «Бойжеткен», «Көк шолақ», «Япураймен» жалғасып, «Сары-Арқаны» акапелламен шырқады. Бабаларымыздан қалған өнерді ұлықтауға арналған онлайн концертіне Дулати университетінің өнерлі жастары қатысты.
Қазіргі таңда елімізде рок, поп сияқты музыканың жаңа бағыттары қарқын алуда. Дегенмен тарихи сананы жаңғыртуда дала фольклоры мен дәстүрлі әндердің алатын орны ерекше. Осындай концерт ұйымдастыру – жастардың музыка мен өнерге деген қызығушылықтарын оятады, ұлттық музыканың артықшылығын ұғындырады. Дәстүрлі әндерді халық аспаптарымен сүйемелдей отырып көрсетілген концерт тыңдармандары өз алғыстарын да жеткізді.
«Мәдениет және өнер» кафедрасы