«БЕСАСЫҚ» СПОРТ ТҮРІНЕН ОНЛАЙН ЖАРЫС ӨТТІ

Қазан айының 16 күні қала күніне арналған «Асығың алшысынан түссін» атты 1-курс студенттері арасындағы «Шекемтас» асық ойыны түрінен онлайн жарыс өтті.

Жарыс университетіміздегі Спорт клуб басшысы Бекболат Шилібаев пен «Дене тәрбиесі» кафедрасының оқытушылары: бас төреші Жанар Бекбергенова және төрешілер Расылхан Айымкулов, Жақсылық Тоқбергеновтің ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Онлайн жарысқа барлығы 27 студент қатысты. Нәтижесінде,  I орынға Диана Жанасбек  (ФГСН) ие болса, II орынды Ақбота Сембек (ТФ) өз қанжығасына байлады. Ал, Аяжан Саябай  (ТФ)  үштікті түйіндеді.

Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар, белсенділік танытқандар арнайы Мақтау қағаздары және дипломдармен онлайн арқылы марапатталды. 

Жарысты ұйымдастырушылар барша жеңімпаздарды марапаттарымен құттықтап еңбектеріне жеміс, күш-қуат пен зор денсаулық тіледі.

Жанар Бекбергенова, «Дене тәрбиесі» 

кафедрасының аға оқытушысы 

Прочитано 1352 раз
Top