ЖАТАҚХАНА ЖАСТАРЫ ЖАРЫСҚА ТҮСТІ

Дулати университетінде №1, № 2 жатақханасында тұратын студенттер арасында «дойбы» және «шекемтас» спорт түрлерінен жарыс өтті.

Қазан айының 15-17 күндері, қала күніне арналған «Тараз - менің сүйікті қалам» атты «Дойбы» спорт түрінен және қыздар арасында «Шекемтас» асық ойынынан студенттер сайысқа түсті. 

COVID-19 пандемиясын ескере отырып, барлық тәртіп сақталынды. 

Жарыс университетіміздегі Спорт клуб басшысы Шилібаев Бекболат Аманжолұлы мен «Дене тәрбиесі» кафедрасының оқытушылары: бас төреші Жанар Бекбергенова және төрешілер Жақсылық Тоқбергенов, Расылхан Айымкулов, Бейбіт Аязбеков, Гульчехра Рожко, Наталья Сиротина және «Дене шынықтырудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының доценті Қалдыбек Умирбаевтың ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Жарыстың ашылу салтанатында Бекболат Аманжолұлы Қала күні мерекесімен құттықтап, студенттерге сәттілік тіледі. Төрешілерді таныстырып, жарыстың әділетті өтеріне сенім білдірді. Жарысқа арнайы келген қонағымыз таеквондодан спорт шеберлері Фатима Сұлтанбекова мен Жадыра Серікбай өнерлерін ортаға салып, жекпе-жек көрінісін тарту етті.

 Дойбы спорт түрінен 7 жігіт қатысып: 1 орын – Қазбек Нұрбол (ФМНГД), 2 орын – Дауренұлы Оразалы (СШжЭ), 3 орын – Алферов Владислав (СШжЭ) иеленді.  «Шекемтас» асық ойыны түрінен 12 қыз қатысып: 1 орын – Докаева Айнұр (СШжЭ), 2 орын – Гулнепесова Огулшат (СШжЭ), 3 орынды – Мухадова Сахра (СШжЭ) жеңді. Жарыс жеңімпаздарын «Дене шынықтырудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі Жұмахан Нұғманов марапаттады.

Жарыстың екінші күні № 2 жатақханада тұратын студенттер арасында «Дойбы» спорт түрінен 8 жігіт қатысып: 1 орын – Нурадил Мадияр (ГӘҒ),  2 орын – Исмайлов Абдукохар (ФИТАТ), 3 орын – Кұрманалы Талғар (ФГСН) иеленді. «Шекемтас» асық ойыны түрінен 21 қыз қатысып: 1 орын – Бабаева Майя - (ФИТАТ), 2 орын – Алимбаева Шодия (ФГСН), 3 орын – Куанышева Әсел (ТПП) жеңіске жетті.

Жатақханада орналасқан шет мемлекеттің, яғни Қытай, Өзбекстан, Түркменстан азаматтары жарысқа атсалысып, өз елдерінде де осындай спорттық ойындары бар екендігін қызыға айтты.

Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар арнайы бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Ал өзге қатысушыларға жарысқа деген белсенділігі үшін «Мақтау қағаздары» табысталды.

IMG20201015154115

Бекбергенова Жанар, «Дене тәрбиесі» 

кафедрасының аға оқытушысы 

Прочитано 1478 раз
Top