ОНЛАЙН ДӘРІС: ӘЛЕМ МУЗЫКАСЫНЫҢ ТАРИХЫ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған Филип Больманның «Әлем музыкасының тарихы» 1,2 кітабының мазмұнын түсіндіру, жалпы әлемдік музыка тарихы туралы  мәлімет беру мақсатында «Мәдениет және өнер» кафедрасының  ұйымдастыруымен білім алушыларға  арналған онлайн дәріс өтті. Дәрісте әлем музыкасы заманауи медианың дүниежүзіне жаһандануды тарататын өнімі емес, адамзат тарихындағы мәдениеттер мен тілдерді, діндер мен өркениеттерді байланыстыратын үлкен мұра екендігі айтылды. Сонымен қатар кітапта жинақталған мақалалар оқырманға Еуропа, Қытай, Үндістан, мұсылман елдері, Оңтүстік және Солтүстік Америка музыкасындағы байланыстар мен назар аударуға тұрарлық елеулі сәттерді ұсынады. Авторлардың жинақта ұсынылған мақалаларында мәдени қақтығыстар мен кикілжіңдер, ежелгі өркениеттерден бастап, ғылымның өзегі болған орта ғасырлардағы мұсылман ғалымдардың теориялары, Қайта өрлеу кезеңінен постмодернге дейінгі Еуропа музыкасы жан-жақты қарастырылған. Жалпы, жинақ бүгінде танымал және классикалық музыка ретінде танылған түрлі халықтардың музыка тарихын егжей-тегжейлі баяндайды. Дәрісті жүргізген өнертану ғылымының кандидаты П.Шегебаев бұл кітаптың  музыкатанушылар мен өнертанушыларға ғана емес, музыка тарихына қызығатын барша оқырманға арналғандығын тілге тиек етті.

«Мәдениет және өнер» кафедрасы

Прочитано 1375 раз
Top