РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕЛЕ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС

Педагогика жоғары мектебі «Білім берудегі менеджмент»  кафедрасының   ұйымдастыруымен «Ұлы даланың ұлағаты: жеке тұлғаның қалыптасуы мен  дамуына әсер ететін факторлар»  тақырыбында Республикалық теле-педагогикалық кеңес өтті.

Республикалық теле-педагогикалық кеңеске М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті және  Абай атындағы  Қазақ  Ұлттық педагогикалық университетінің болашақ педагогтері мен профессор оқытушылары қатысты.

Теле-педагогикалық кеңестің  мақсаты - Ұлы Даланың ұлағаты негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға әсер ететін факторлардың мәнін ашу.

Кеңеске қатысқан болашақ педагогтер мен ғалымдар жаңа жағдайдағы Қазақстанда педагогикалық қауымдастықтың алдында тұрған жаңа міндеттерге тоқтала отырып, Ұлы Даланың кемеңгерлері  Әбу Насыр әл-Фараби, М.Х.Дулати, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов  және ағартушы-педагогтері Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаевтың даналық ұлағаттарын басшылыққа ала отырып,  жеке тұлғаның дамуына әсер ететін биологиялық, әлеуметтік және педагогикалық факторларды  тереңдей ашып, өз ойларын ортаға салды.

Қатысушылар Абай Құнанбаевтың «Толық адам»  ілімі әлі де толықтай зерттеуді қажет ететіндігін және  жеке тұлғаны тәрбиелеуде  басты тәрбие тұжырымдамасы болу керектігіне тоқталды.

Кеңес болашақ педагогтерге келелі ой салып,  жаңа жол сілтеді.

151515

К.Д. Бузаубакова

«Білім берудегі менеджмент»  кафедрасының

меңгерушісі,п.ғ.д., профессор

Прочитано 1327 раз
Top