БІЛІКТІЛІГІН ЖОҒАРЫЛАТТЫ

Университетте пәннің 80% қашықтан өтетіндіктен оқытушылар оған жақсы дайын болуы керек. Осы мақсатта Академиялық саясат бойынша департаменттің ұйымдастыруымен университет оқытушыларына YouTube канал арқылы біліктілікті арттыру курстары өтті. Каналға 20-дан аса оқыту видеолары орналастырылған.

Дәріс барысында департамент директоры Алдаберген Мәлібеков жаңа нормативті құжаттармен таныстырды, оқу силлабусын қалай әзірлеу керегін түсіндірді. CONTENT бағдарламасымен жұмыс істеудің ерекшеліктеріне тоқталды. Ақпараттық ресуртарды тиімді пайдаланып оқу бағдарламасын дұрыс әзірлеудің әдіс-тәсілін айтып берді. Дәріс соңында Алдаберген Қадірбекұлы оқытушылардың сұрағына жауап берді.

Алдағы уақытта да университет оқытушыларын қашықтан білім беру жүйесіне толықтай бейімдеу мақсатында бейне-сабақтар өткізілмек.

 

Прочитано 1340 раз
Top