ЛАТЫНҒА КӨШУ – ТҮРКІЛІК ТҰТАСТАНУ

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының тапсырмасымен  М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-дың мәжіліс залында «Латын графикасы: түркілік тұтастық және жаҺандық ақпараттық кеңістік» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияны М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің бірінші проректоры Асқар Абдуалы ашып, жүргізіп отырды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауындағы қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тілі ретінде қалыптасу бағытындағы жұмыстардың бір саласы қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру. Түркі халықтарының ортақ әдеби, мәдени, тарихи құндылықтарын насихаттау, латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиіне қатысты өзекті мәселелрді талқылау мақсатында өтті.  
Конференция барысында Туркия еліндегі  Хасеттепе университетінің  Phd, докторы Халил Четин онлайн байланысқа шығып латын графикасына көшудің тиімді жолдарын айтты. Сонымен қатар, Қазақстан бүгінгі таңда беделді мемлекет бола отырып, әлемдік саясатта өте маңызды рөл атқарады. Ондай елдердің әлемдік платформаларға интеграциялануы латын графикасына көшуді міндетті түрде талап етеді. Бұл қадам және басқа түркі халықтарымен жақындастыруды қолдайды деді. Халил Четин мырзаға оқу ордасының оқытушылары көкейде жүрген сұрақтарын қойып, оған тұщымды жауап алды. Сондай-ақ, жиында бірнеше баяндамалар жасалды.
Конференцияда Баку мемлекеттік университеті, филология ғылымдарының докторы, профессор, турколог Фируза Агаева «Новая алфабитная реформа» тақырыбында, Ажинияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институтының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Алима Перниязова «Түркі халықтарының латын графикасына көшудегі тарихи-мәдени перспективалары» тақырыбында, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік унверситеті «Абайтану» ғылыми зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцентті Ақжол Қалшабеков «Латын графикасына көшудегі тарихи-мәдени аспектілер» тақырыбында ой қозғады.
Конференцияға облыстық тілдерді дамыту басқармасының  жас мемлекеттік қызметшілері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында жұмыс істеп жүрген жас ғалымдар, докторанттар мен магистранттар, филолог мамандар, филология факультеттерінің студенттері, жас тіл мамандары және қазақ тілінің болашағына бейжай қарамайтын тіл жанашырлары қатысты.

 

МЕДИА-ҚЫЗМЕТ

Прочитано 2397 раз
Top