ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ АЙТЫЛДЫ

Бүгін антикор орталығында  М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры М. Сарыбеков әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып   педагогикалық қауымдастық пен ата-аналардың мазалап жүрген жаңа оқу жылы қалай өтеді, жаңа оқу жылы қандай ерекшеліктерге тән болады  деген заңды сұрағына жауап берді.

‒ Жаңа оқу жылын біз жаңа университет ретінде бастайық деп жатырмыз. Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Тараз қаласындағы Тараз мемлекеттік университеті мен Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының бірігіп  М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті  болды. Екі оқу ордасының бірігу себебі осыдан екі жыл бұрын Қазақстан Республикасының Президенті болған  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев одан кейінгі қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев   әр аймақта 20 жетекші жоғары оқу орны  болу керек деп тапсырма берген. Әр аймақта іргелі негізгі базалық университет болуы керек. Ол университет ғылым, білім, өнер, әлеуметтік сала мемлекеттік жастар саясатын іске асыратын үлкен көшбасшы орталыққа айналуы тиіс  деді.

Жаңа оқу жылы бойынша  осы күнге дейін Білім және ғылым министрі үш сценарийді, үш форматта талқылап келді. Бірінші ол біздің дәстүрлі оқуымызға қайтіп келу, бірақ дәстүрлі форматқа келу әлі ерте. Екінші мәселе ол қашықтан оқыту, үшінші мәселе  дәстүрлі оқыту мен қашықтан оқытуды аралас оқыту. Жақында ғана білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов ресми түрле  мектептер, колледждер, университеттер қай бағытта оқитын болатындығы жөнінде айтып өтті. 1 қыркүйектен бастап педагогикалық бағытта, IT  технологиялық, әлеуметтік және гуманитарлық бағыттағы университеттер мен факультеттер олар 100 пайыз қашықтан оқитын болады. Жаратылыстану, техникалық, инжинерлік, аграрлық, медициналық және өнер бағыты бойынша мамандар олардың  70 пайызы лекциялар мен практикалық сабақтарды қашықтан оқитын болады. Ал зертханалық, лабораториялық бағыттағы сабақтарды дәстүрлі форматта өткізуге рұқсат беріп отыр. Бырақ  санитарлық-эпидемиялық норма қатаң түрде сақталуы қажет.

Қазіргі уақытта университетте  техникалық жағынан дайындық жұмыстары жүргізіп жатыр. Әр факультеттің оқытушылары  қашықтан оқытуға    бейне жазбалар мен  лекцияларын  дайындап жатыр деді университет ректоры. 

МЕДИА-ҚЫЗМЕТ

Прочитано 855 раз
Top