«SANALY URPAQ» ФРОНТ-ОФИСІ ОНЛАЙН БАЙЛАНЫСТА ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

 

Ағымдағы жылдың 26 мамырында М.Х.Дулати ат. ТарМУ «Sanaly urpaq» фронт-офисі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының Бірінші орынбасары Равиль Төлебаевпен он-лайн форматта бейнеконференциясын ұйымдастырды. Іс-шараға Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы А.Ұлтанбаев, «Саналы ұрпақ» клубының мүшелері және университеттің белсенді студенттері қатысты.

Жиында студенттермен қоғамдағы парасаттылық, академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, этика нормаларын сақтау туралы ашық әңгіме болды.

Р.Төлебаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасындағы өзгерістер туралы, Антикор қызметінің атқарып жатқан жұмысы жайлы қатысушыларды таныстырды.

«Саналы ұрпақ» клубының белсенді мүшесі Г.Тұрарбекова клуб мүшерлерінің негізгі атқарған жұмыстарына тоқталып өтті. Ал Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы А.Ұлтанбаев университет студенттерімен бүгінгі күнге дейін сыбайлас жемөорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және академиялық адалдықты нормаларын сақтау үшін жасаған жұмыстары жайлы баяндады.

Жиналыстың екінші бөлігінде студенттердің тарапынан қонаққа бірқатар сауалдар қойылды және ұсыныстар берілді. Студенттерді қоғамдық мониторингтік топтың қатарына қосылу тәртібі туралы, оқу орнында жемқорлық фактісімен анықталған тұлғаларға жауапкершілікті қолдану жайлы және т.б. сұрақтар қарастырылды. Сонымен қатар Антикор қызметінде студенттердің өздерінің оқу, өндірістік практикасын өтуге байланысты ұсыныстар айтылды. Осындай тәжірибеден өтуге тілек білдірген студенттерге Агенттік тарапынан ешқандай кедергі жоқ, деп Р.Төлебаев өз сөзін қортындылады.

А.Қадырқұлов

«Sanaly urpaq» фронт-офисінің

үйлестірушісі

Прочитано 2113 раз
Top