ОТБАСЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Халқымызда "Отан отбасынан басталады" деген қанатты сөз бар. Бұл нақыл халықтың салт-дәстүрі, адамгершілік құндылықтары, Отанға, туған өлкеге деген сүйіспеншілік, еңбек-сүйгіштік қасиеттердің барлығы отбасы – ошақ қасынан басталатынын меңзесе керек. Әкенің тағылымын, ананың өнегесін алған баланың болашаққа деген қадамы батыл, жігері нық болып өсетіні сөзсіз. Біздің мемлекетімізде отбасы институтын қолдауға, соның ішінде ана мен бала қамқорлығына ерекше көңіл бөлінген. Көпбалалы аналарға қолдау көрсету, ең озық үлгідегі медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету, жаңа үлгідегі балабақшалар салу, әлемдік білім стандарттарына ұмтылған білім жүйесін қалыптастыру – мемлекеттік саясаттың басым бағыттары болып табылады. Былтырғы жылы Елбасы Жарлығымен "Отбасы күнінің" белгіленуі осы институттың ұрпақ тәрбиелеудегі ерекше маңызын көрсетіп отыр. Алдағы уақыттағы біздің баршамызға ортақ міндет – өткенін сыйлайтын, еліне қалтқысыз қызмет етіп, болашаққа сеніммен қарайтын өнегелі ұрпақ тәрбиелеу. Отбасы күнінде барлық шаңыраққа шаттық, береке, бақыт тілейміз!

Прочитано 3821 раз
Top