Биыл Тараз қаласынан 60 мектептен 2240 оқушы мектеп бітіргелі отыр. ҰБТ тапсыруға 1947 оқушы өтініш білдірген, бұл жалпы 84 % құрайды.
Тікелей эфир барысында оқушыларды ҰБТ-ның өту форматы, ерекшеліктері, оқу ақысы, оқуға қабылдану балы сынды сұрақтар толғандырды. Әр сұраққа Махметғали Нұрғалиұлы жеке тоқталып, толық жауап берді.
– Ұлттық бірыңғай тест 20 маусым мен 5 шілде аралығында ТарМУ қабырғасында өтеді. Сертификаттарды электронды форматта аласыздар. Мемлекеттік білім гранты конкурсына конкурсына құжаттар онлайн форматында 13-20 шілде аралығында қабылданады. Шығармашылық емтиханға құжаттар 20 маусым – 7 шілде аралығында қабылданып, 8-10 шілде аралығында өтеді.
Осы жылғы ҰБТ-ның басты талаптарының бірі, егер тыйым салынған заттар тестке кірмей тұрып табылса, онда оқушы тестке кіргізілмейді және жыл соңына дейін тестке жіберілмейді. Өз орнына басқа адамды қатыстырмақ болған оқушы үшін де тәртіп қатал. Тестке кіргізілмейді, жыл соңына дейін қатыстырылмайды. Сонымен қатар, бейнебақылау жазбалары тамыздың 25-не дейін тексеріледі. Егер оқушы тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталса, тест нәтижелері жойылады.
Шекті балл мәселесіне келер болсақ, биыл «Педагогикалық ғылымдар» саласы бойынша оқуға түсу үшін талапкер 70 балл жинау керек. Демек, мектепті үздік бітірген, үлгерімі жоғары оқушы ғана болашақта педагог болады. Бұл мұғалімдер сапасын жақсарту үшін жасалған шара. Ал, ұлттық жоғары оқу орындарына – кемінде 65 балл, оның ішінде «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» білім. Ауылшаруашылық саласы мамандықтары үшін шекті балл 60 құрайды.
Оқу ақысына келер болсақ, әр университте беру салалары бойынша–кемінде 60 балл; басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша – кемінде 65 балл алуы қажетәр түрлі. ТарМУ елімізде орын алған қиын кезеңдерді ескере отырып, оқу ақысын бұрынғы қалпында қалдырып отыр. Яғни, білім беру бағдарламаларына байланысты 308 мың мен 318 мың теңге аралығында,- деді университет басшысы.
Талапкерлермен болған онлайн байланыста ректор университет туралы толық ақпарат беріп өтті. – М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті 60 жылдан астам тарихы бар оңтүстік өңірдегі ірі оқу орны. 9 факультет, 45 кафедра бар, 109 білім беру бағдарламасы бойынша оқытады. 630 профессор-оқытушы құрамы, оның ішінде 40 ғылым докторы, 240 ғылым кандидаты, 40 phd және 290 магистр-оқытушы бар. Университетте 804 орындық 3 жатақхана бар, оған қоса 518 орындық жаңа жатақхананың құрылысы жүргізіліп жатыр. Аумағы 2000 шаршы метрді алатын 5 спорт кешені бар. Оқу орны жаңа технологиялармен жабдықталған. 1960 компьютер, 125 интерактивті тақта бар, - деді Махметғали Нұрғалиұлы. Ректор өз сөзінде университеттің кітапханалық-ақпараттық орталықтың жұмысы мен университеттің халықаралық байланыстарына ерекше тоқталды. Шетелдік жоғары оқу орындарымен (Польша, Португалия, Ресей) қос дипломды білім беру жүйесін іске асырылып жатқаны туралы айтты.
Тікелей эфир соңында университет басшысы оқушыларға алдағы тесттен сүрінбей өтіп, үлкен өмірге сәтті қадам басуларына тілектес екенін жеткізді.
МЕДИА-ҚЫЗМЕТ