ТІКЕЛЕЙ ЭФИРГЕ ШЫҚТЫ

Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Махметғали Сарыбековтың кезекті тікелей эфирі білімгерлердің аралық және қорытынды аттестациясын карантин жағдайында ұйымдастыру және өткізу мәселеріне арналды.

2019-2020 оқу жылының жазғы емтихандық сессиясына бакалавриаттың күндізгі оқу бөлімінің 5000 студенті, магистратура мен докторантураның 216 білім алушысы, кешкі бөлімнің 435 студенті, қашықтықтан және сырттай оқу факультетінің 1015 білім алушысы қатысуы жоспарланған. Сессия 11-ші мамыр мен 6-шы маусым аралығында өтеді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің пандемия кезінде аралық және қорытынды аттестацияның өткізу туралы әдістемелік нұсқауларының негізінде университет Академиялық саясатқа өзгерістер енгізіп, емтихандардың келесі түрлерін бекітті:
- жазбаша емтихандар (сондай-ақ, курстық жұмыстар (жобалар) Google Classroom платформасы арқылы өткізіледі;
- ауызша емтихандар-Zoom және міндетті түрде жазу жүргізілетін (запись) басқа да стримингтер арқылы;
- тестілеу ЖОО-ның ресми жүйесінде онлайн форматта өткізіледі.Тестілеу кезінде әр түрлі параметрлер бойынша онлайн-прокторинг жүйесі және биометриялық көрсеткіштер бойынша сәйкестендіру қолданылады.

Емтихандарды сәтті тапсыру үшін нұсқаулықтар мен жаднамалар әзірленді, оларды порталдан және оқытушының Тичердегі жеке кабинетінен көшіріп алуға болады.

Сонымен қатар, техникалық қиындықтарға байланысты студенттер қашықтықтан емтихандарды тапсыра алмаған жағдайда, олардың оқу пәні бойынша қорытынды бағасы емтихансыз, жиынтық баллдардың негізінде қойылатын болады. Ол үшін студенттер факультет деканының атына өтініш жазу тиісті.

Тікелей эфирге барлығы 3 мыңнан аса тыңдаушы қатысып, сұрақтарын жолдады. Университет басшысы барлық сұрақтарға жауап беріп,

Прочитано 1924 раз
Top