ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгін Тараз мемлекеттік университетінің тіркеу  офисінің  директоры Наталья Чернявская және жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Арнат Ұлтанбаев әлеуметтік желіге тікелей эфирге шығып, студенттердің пандемия кезінде жазғы сессияны қалай тапсыру керек екендігін түсіндіріп өтті. 

Эфир барысында тіркеу офисінің директоры Наталья Чернявская емтихандарды тапсыру үшін арнайы нұсқаулықтар мен жаднамалар әзірлегенін айтып, оларды  порталдан жүктеп алуға болатынын жеткізді. Сонымен қатар,  техникалық қиындықтарға байланысты студенттер қашықтан емтихандарды тапсыра алмаған жағдайда, олардың емтиханы оқу пәнінің қорытындысы бойынша бағаланатын болады. Ол үшін студенттер факультет деканынының электронды почтасына өтініш жазуы тиіс.  Факультет деканының почтасынан жауап қабылданда деп кері байланыс орнаған жағдайда ғана емтихан бұрын жиналған ұпайлармен есептеледі.   Деканаттарға өтініштер  екінші мамырға дейн  жіберілуі қажет. Бағалар сессияға дейін белгіленеді. Стипендия алатын студенттердің  қорытынды аттестациядағы бағалары  бойынша сіз өте жақсы  алсаңыз және бұл C + болса, онда сіз стипендия аласыз. Емтихан тапсырғысы келетін, бірақ техникалық себептерге байланысты тапсыра алмайтын студенттерге кейінірек емтихан тапсыруға мүмкіндік беріледі. Студенттер өтініш беріп, содан кейін олар ойларын өзгертіп емтихан тапсыруға шешім қабылдаған жағдайда деканатқа тағы бір өтініш жіберіледі.

Енді емтихан тапсыратындар туралы. Студенттердің порталында емтихан кестесі бар, сол кестені қадағалап студенттер емтихан уақытысынан кешікпеу қажет.  Әр емтиханның уақыты белгіленген және егер сіз емтиханға берілген уақыттарды жіберіп алсаңыз жіберіп алсаңыз, онда сіз емтихан тапсыра алмайсыз.  Кез-келген емтиханды тапсырған кезде веб-камера қажет, сіз терезелерді кішірейте алмайсыз немесе басқа адамды кіргізе алмайсыз, өйткені жүйе бұған бірден жауап береді. Айта кету керек, дене шынықтыру сабағын өткізуге бір апта уақыт берілді, өйткені суретке түсіру және жүктеу қажет. Одан бөлек спорттық тапсырмалар бар. Бұны техникалық жағынан жасау оңай емес.Егер емтихан кезінде бірдеңе дұрыс болмаса, апелляцияға жүгінуге болады, ол қаралады. Егер емтихан тапсырылмаса және шағымдануға негіз болмаса, онда қайта қайта оралу мүмкіндігі беріледі.

МЕДИА-ҚЫЗМЕТ

 

Прочитано 1790 раз
Top