УНИВЕРСИТЕТТІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КЕҢЕСІ
Кеңес төрағасы
Ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор
PhD доктор, доцент
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Университеттің ғылыми-техникалық кеңесі (бұдан әрі - ҒТК) университет проректоры жанындағы кеңесші және үйлестіруші орган болып табылады және университеттің ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің негізгі мәселелерін қарау үшін құрылады.
ҒТК жұмысының негізгі мақсаты – университеттің ғылыми-техникалық саясаты мен қызметін қалыптастыруға және іске асыруға практикалық жәрдемдесу.
ҒТК негізгі функцияларына кеңес беру, консультациялық, ұйымдастыру, бақылау және сараптамалық жұмыстар кіреді.
ҒТК өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес:
- институтқа/факультетке бекітілген қызметтің негізгі бағыттары бойынша техникалық және экономикалық саясатты айқындау жөніндегі ұсынымдарды отандық және шетелдік ғылым мен техниканың жай күйі мен даму перспективаларын талдау негізінде қарайды;
- маңызды ғылыми-техникалық мәселелерді қарастырады және ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттарын анықтайды;
- ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыруды жақсарту және олардың тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұсынады, неғұрлым перспективалы зерттеулерді дамыту және тиімділігі төмен және практикалық маңызы жоқ жұмыстарды тоқтату туралы ұсыныстар енгізеді;
- бөлімшелердің, жекелеген оқытушылар мен докторанттардың ғылыми қызметінің нәтижелері туралы есептерді тыңдайды, олардың жұмысының тиімділігіне баға береді;
- университет қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес ғылыми - зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың перспективалық және жылдық жоспарларының жобаларын қарайды;
- ғылыми-техникалық қызметті жетілдіру және ұйымдастыру бойынша аса маңызды өнертабыстар мен ұсыныстарды енгізу жөніндегі ұсынымдарды қарайды;
- бекітілген қызмет саласында ғылыми-техникалық ақпаратты жақсарту бойынша іс-шараларды ұсынады;
- ғылым мен техника саласындағы үздік жетістіктері үшін берілетін сыйлықтар алуға ұсынылатын жұмыстар бойынша ұсынымдарды қарайды;
- үздік ғылыми-зерттеу, тәжірибелік - конструкторлық жұмыстарға конкурстар өткізу бойынша ұсыныстарды қарайды;
- университеттің ғылыми қызметінің ерекшелігін көрсететін осы Ережеде көзделмеген өзге де мәселелерді қарайды.