ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМІ
МАЖИБАЕВ АСЫЛЖАН КЕНЖЕКЕРЕЕВИЧ
Бөлім басшысы, доцент
E-mail: ak.mazhibaev@dulaty.kz
Мекен-жайы: Төле би көш, 60, 2.3-207
Сұрақ қоюОқу-әдістемелік бөлімі - М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің құрылымдық бөлімі. Академиялық саясат жөніндегі департаментке қарайды. Оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру үшін ҚР БжҒМ нормативтік-құқықтық, нұсқаулық және оқу-әдістемелік жұмыстар саласы бойынша Ғылыми кеңестің, ректораттың және Университет Жарғысының ішкі нормативтік құжаттарын басшылыққа алады.
Бөлімнің негізгі мақсаты - білім беру үрдісін жетілдіру, сапалы білім беру үшін оқу- әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, оқу әдістері мен оның белсенді үлгілерін, бүгінгі күнгі білім беру және ақпараттық-байланыс технологияларын меңгеру, жинақтау және тәжірибеге енгізу.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
- Білім беру үдерісінде оқу үдерісін ұйымдастыру және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;
- Білім беру бағдарламаларын Болон үдерісінің талаптарына сәйкес жобалауды ұйымдастыру;
- Оқытушы-профессорлар құрамы әзірлеген оқу-әдістемелік материалдар мен білім бағдарламаларының мазмұнына сараптама жасау жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;
- Университеттің перспективалық даму жоспарын дайындауға ұсыныс беру;
- Оқу құжаттарын мемлекеттік және университеттік нормативтік базамен сәйкестендіру және бекітілген нормаларды сақтауды қадағалау;
- Оқу үдерісінің көрсеткіштеріне жүйелі түрде талдау жасау.
- оқу үдерісін кредиттік оқыту жүйесі негізінде ұйымдастыру;
- оқытушы-профессор құрамының (ОПҚ) оқу жүктемелерін бекіту;
- ОПҚ оқу жүктемелерін бөлу. Университеттің ішкі нормативті талаптарына сәйкес және кафедралардағы штаттық кестенің өзгеруіне байланысты қадағалау;
- мамандықтар бойынша модульдік білім бағдарламаларын (ББ) сараптамадан (ішкі, сыртқы, сапалы, техникалық) өткізуді және бекітуді ұйымдастыру;
- ББ бойынша Аттестациялық комиссиялар төрағаларының тізімін құру;
- студенттердің дипломдық жұмыстарының тақырыбын бекіту үшін бұйрықтың жобасын дайындау, жетекшісі мен рецензентін бекіту;
- «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша емтиханның, Аттестациялық комиссиялар төрағаларының, рецензенттердің ақысын төлеу бұйрығының жобасын дайындау;
- студентердің қорытынды аттестациясын академиялық календарға сәйкес өткізілуін ұйымдастыру және қадағалау;
- Бекітілген академиялық календарьмен, модульдік білім бағдарламаларымен (МОП), жұмыстық оқу жоспарларымен (РУП) құрылымдық бөлімдерді (факультет, кафедра) қамтамасыз ету;
- ҚР БжҒМ және университетте дайындалатын нормативті-құқықтық құжаттарға ұсыныстар беру;
- Университеттің оқу бөлімдерін нормативтік материалдармен, мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартымен (ГОСО), ББ типтік оқу жоспарларымен (ТУП) және Жалпы білім беру циклы пәндерінің типтік бағдарламаларымен қамтамасыз ету;
- ОПҚ-ны мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты (ГОСО) және типтік бағдарламаларды дайындауға катыстыруды ұйымдастыру;
- Таңдау пәндерінің катологы бойынша мәліметтер базасын құру және жаңалау, оқу жоспарын дайындау үшін ұсыныстар енгізу;
- Модульдік білім бағдарламасын безендіру, католог, силлабустар, оқу-әдістемелік кешендер, оқулықтар мен оқу-құралдарын оқытудың кредиттік технологиясына сәйкестендіру үшін әдістемелік көмек беру және қадағалау;
- Оқу үдерісіне заманауи оқу-әдістемелік және үлестірмелі материалдарды енгізу;
- Оқу-әдістемелік жұмыстар бағытындағы ЖОО-ның озық тәжірибелерін зерттеу, жинақтау және тарату;
- ОПҚ-ның ЖОО-ның мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуын ұйымдастыру.
- Нормативті құжаттарға сәйкес бланкті құжаттармен қамтамасыз ету;
- Университеттің СМЖ-нің Халықаралық МС ИСО 9001:2015 талаптарына сай тұрақты жетілдірілуі және дайындауға қатысу, қолдау, енгізу.