СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ КОНФЛИКТІЛІ ЖАҒДАЙДЫН АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ
«12» қантар 2022 ж. Университетіміздің психологиялық-педагогикалық қолдау орталығының психологтары Абдрахманова Айгуль Турсынбаевна мен Бүйембаева Шынар Бақытжановна № 2 -жатақхана студенттерімен кездесті. А.Т.Абдрахманова «Студенттер арасындағы конфликтілі жағдайдын алдын алу жолдары» тақырыбында түсініктеме берді. «Конфликт дегеніміз конфликті субъектілерінің қарама-қарсы әрекеттері мен әдетте негативті эмоциялармен жүретін өзара әрекеттерінің үрдісінде пайда болатын қарама-қайшылықтарды шешудің өткір жолдары». Егер қарсы әрекеттер болып, негативті сезімдер болмаса, немесе керісінше негативті эмоциялар болып, қарсы әрекеттер болмаса, онда мұндай ситуациялар конфликтінің алды болып саналады. Ш.Б.Бүйенбаева «Ізгілік - адамның басты рухани - адамгершілік құндылығы» тақырыптарына яғни, адамды белгілі бір білім қорымен қаруландыру ғана емес, білім алушыны рухани-адамгершілік тұрғыда дамыту, өнегелі өмірлік өскелең жолға бастау. Осы тұрғыда «Ізгілік –адамның басты құндылығы» -деп Сара Алпысқызы айтқандай «Мен шын көңілден Сүйіспеншілік дегеніміз қасиетті құбылыс санаймын. Оның әрбір көрінісі қоршаған әлемге деген құштарлық бізді одан әрі ізгілікке бастап, жетілдіре түседі.» Соның ішінде ізгілік ақылдың шешімі, ізгі жүрек, ізгі сезім, махаббат пен жанашырлықтың саналы және санадан тыс әрекеттерден көрінуі. Абай атамыз айтып кеткендей, «Толыққанды адам» қалыптаспақ, яғни адам бойында қандай қасиеттер орын алады, оның жақсы-жаман жақтары барына тоқталды. Студенттер де өз ойларын ортаға салды, соңынан «Мандала» терапиясы, «Стрессті азайту» тренингтер өткізілді және жатақхана студенттермен жеке кеңестер берілді.