Өтініш берудегі құжаттар тізімі

a) өтініш берушінің өтініші;

b) мінездеме-ғылыми зерттеу тақырыбы көрсетілген кафедра/ғылыми зертхана меңгерушісінен ізденушіге ұсыныс;

c) институттың/факультеттің ғылыми кеңесінің «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті" КЕАҚ-да Тегі, Аты, Әкесінің аты толық атаулы жағдайда, жұмыс өтілі көрсетілген конкурсқа қатысу үшін ізденушіні ұсыну туралы шешімінен үзінді;

d) өтініш берушінің жеке басын растайтын паспорттың немесе жеке куәліктің көшірмесі;

e) ғылыми хатшы куәландырған ғылыми еңбектер тізімі;

f) ғылым және коммерцияландыру департаментімен расталған, ізденушінің өнертабыстың, пайдалы модельдің немесе өнеркәсіптік үлгінің авторы немесе тең авторы екенін растайтын қазақстандық және шетелдік патенттердің көшірмелері;

g) ғылым және коммерцияландыру департаментімен расталған, ұйымдардың тапсырыстары бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауда ізденушінің басшылығын растайтын құжаттардың көшірмелері;

h) ғылым және коммерцияландыру департаментімен расталған, ізденушінің қазақстандық және шетелдік ғылыми және ғылыми-техникалық конкурстық іс-шараларда (өз бетінше немесе ғалымдар ұжымдарының құрамында), оның ішінде гранттар мен субсидиялар алуға жүлдегер немесе жеңімпаз болып табылатынын растайтын құжаттардың көшірмелері;

i) Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы мен бағдарламасы (ГҚ конкурстық құжаттама өтінімінің талаптарына сәйкес).

Top