Дәрісте кәмелеттік жасқа толмаған студенттерге ҚР әкімшілік-құқықтық Заңының 442, 434, 127 баптары түсіндірілді. 18 жасқа толмағандар түнгі 22.00-ден кейін көшеде, кафеде жүрсе, заңды өкілі әке-шешесі келгенше жіберілмейтіндігі, екі рет бұл жағдай қайталанған жағдайда 30000тг дейін айыппұл салынатындығы ескертілді. Пәтер жалдап тұратын студенттерге уақытша тіркеуді пәтер иелері жасауы міндетті екендігі де айтылды.
Көп қабатты үйлердің түнгі 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейін тыныштығын алмау мәселесі де баса көрсетілді. Көшеде, корпус маңайындағы аулада шемішке шағу, темекі шегуге де әкімшілік айыппұл салынатындығы айтылды.
Айгүл Ануарбекова,
"Филология және журналистика" кафедрасының оқытушысы