Облыстық ашық турнир өтті

Ағымдағы жылдың 13-15 мамыр аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Ғылыми - тәжірибелік дене шынықтыру орталығы» мен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік униветситетімен бірлесе отырып қазақ күресінен мемлекет қайраткері Қаратай Тұрысовтың 90 жылдығына орай 11 сынып оқушылар (қыздар) арасында «Oqy`shy Qyrany» облыстық ашық турнирі өткізілді.

Аталған спорттық іс-шараға Тараз қаласы мен аудан оқушылары 33 қамтылып жүлделі І-ІІ-ІІІ орын иеленген оқушыларға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің кез келген факультетіне бір жылдық оқу ақысына келесі жеңілдік сертификаттары  табысталды: 

І-орын 100 %,, ІІ-орын 75 %,, ІІІ-орын 50 %.

І-орын Марлен Гүлдана Тараз қаласы №8 мектеп-гимназия

ІІ-орын Жақсылық Нұрбала Байзақ ауданы №8 мектеп-гимназия

ІІІ-орын Әмзеқұл Айман Т.Рысқұлов ауданы Бірлес орта мектебі

Аталмыш жарыс Дене шынықтыру және спорт теориясы кафедрасы мен Маркетинг және кәсіптік бағдарлау басқармасымен бірлесіп орындалды. Университет басшылығынан қолдау алған жоба жоғарғы деңгейде өткізілді.

 

 

Прочитано 99 раз
Top