Студенттік спорт лига

Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен "Студенттік спорт лига" бастауын алып отыр.

Студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жарыс жоғарғы деңгейде өтуде.

Қазақстан Республикасының өңірлеріне қарай аймақтық ойындар жұмысын жүргізуде.

"Оңтүстік аймақ" бойынша Түркістан қаласына Жамбыл облысы, Қызылорда облысы, Түркістан облысы және Шымкент қаласынан 9 жоғарғы оқу орындар қатысуда.

Жарыс аясында Волейбол, баскетбол, футзал, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, қазақша күрес және шахматтан додалар өтеді.

Дулати университетіненалғашқа ойындар бойынша Волейбол қыздар, Волейбол ұлдар, Шахмат ұлдар, тоғызқұмалақ ұлдар және қыздар құрамасы қатысты.

Жарыстың алғашқы күнінде Волейбол қыздар І орын,Тоғызқұмалақ қыздар І орын иеленді.

Волейбол ұлдар, тоғызқұмалақ ұлдар, шахмат ұлдар құрамалары өкінішке орай үздіктер қатарынан көріне алмады.

Қолдау көрсеткен университет басшылығына алғысымыз шексіз!

Дулати университетімізбен жеңіс әр қашанда серік болсын!

Жеңіске бірге жетейік!

15 апрель1111

15 апрель2222

 

Прочитано 110 раз
Top