Бусто-Арсициода бокстан лицензиялық турнирде университетіміздің 4 курс студенті Нұрбек Оралбай  олимпиадалық жолдамаға ие болды

Бусто-Арсициода (Италия) бокстан лицензиялық турнирде университетіміздің 4 курс студенті Нұрбек Оралбай  олимпиадалық жолдамаға ие болды.

Студентіміз 80 келі дейінгі салмақта шаршы алаңда қарсыластарын ойсырата ұтып шықты. Шешуші жекпе-жекте қарсыласы ирландиялық Келин Кессидимен рингте сенімді жұмыс істеп жеңіске жетті.

Бұған дейін турнирде Университетіміздің түлегі Асланбек Шымбергенов және Дулати университетінің 4 курс студенті Айбек Оралбай жолдама алған болатын.

 

Прочитано 75 раз
Top