Тұрсымбаев Азиз – Жастар Чемпионаты меңгерушісі болып тағайындалды.

Дулати университетінің Дене шынықтыру мен спорт теориясы кафедрасының аға оқытушысы Тұрсымбаев Азиз – Жастар Чемпионаты меңгерушісі болып тағайындалды.

Қазақстан баскетбол қауымдастығына танымал төреші Ұлттық баскетбол федерациясы Жастар чемпионаты меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Азиз Тұрсымбаев – Баскетболдан жоғары ұлттық санаттағы төреші. Әр жылдар баскетбол клубтарында бапкерлік пен қатар төрешілік жұмыста абыройлы еңбек етті.

Азиз Тұрсымбаевқа жұмысында сәттілік тілеп, Қазақстан жастар баскетболын жаңа деңгейге шығаруға атсалысады деп сенім білдіреміз. 

 

Прочитано 78 раз
Top