ЖАҢА ҚЫЗМЕТ – ЖАҢА МІНДЕТ

Дулати университетінде «Сұңқар» спорт клубының төрағасын сайлауы өтті.

Жиынға университет ректоры м.а. э.ғ.д., профессор Ержан Әмірбекұлы, Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Альмара Наурызбекова мен факультет декандары, институт директорлары және университет қызметкерлері қатысты.

«Ашықтық - тазалық принципі» деп сөз бастаған Ержан Әмірбекұлы сайлаудың күн тәртібімен таныстырып, баядамашыларға сөз кезегін берді.

«Сұңқар» спорт клубына үміткерлер алдағы жұмыс жоспарымен таныстырып, университет деңгейіндегі маңызды мәселелерді атап өтті. Клубқа төрағалыққа жалпы төрт үміткер болды. Олар: Олжас Сүлейменов, Бекболат Шилібаев, Дастан Жылысбаев және Дархан Мінәрбек.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Дастан Жылысбаев «Сұңқар» спорт клубының жаңа төрағасы қызметіне сайланды.

Жиын соңында Дастан Болатұлы алғысын білдіріп, қатысушалар тарапынан қойылған ұсыныстар мен сұрақтар ескерусіз қалмайтындығын айтты.

DSC 0171DSC 0185

DSC 0178DSC 0209

 

Прочитано 1217 раз
Top