БІЗДІҢ ПЕДАСТАЛДА!

Санкт-Петербургте бокстан «Санкт-Петербург губернаторының Кубогы-2021» халықаралық турнирі аяқталды.

Оның қорытындысы бойынша Қазақстан жеті медаль иеленді. Атап айтсақ екі алтын, екі күміс және үш қола медальға ие болды.

Асланбек Шымбергенов (69 кг) және Бекзад Нұрдәулетов (81 кг), «күміс» Махмуд Сабырхан (52 кг) және Әбілхан Аманқұл (75 кг), ал турнирдің қола жүлдегерлері Даниял Сәбит (49 кг), Бекнұр Ожанов (60 кг) және Айбек Оралбай (91 кг) болды. Жалпыкомандалық медальдық есепте Қазақстан боксшылары үшінші орынға табан тіреді.

Бұл боксшылардың арасында біздің студенттеріміз чемпион болған Аслан Шымбергенов және Токио Олимпиадасына лицензиясын иеленген Әбілхан Аманқұл да бар. Бұл біздің DULATY UNIVERSITY-дің үздік спортшыларды даярлау шеберханасы екенін тағы да дәлелдейді. Студенттерімізді құттықтаймыз!

Санкт-Петербург губернаторының кубогының медаль көрсеткіші-2021:

  1. Ресей — 4-6-8
  2. Өзбекстан — 4-1-1
  3. Қазақстан-2-2-3
  4. Беларусь-0-1-3
  5. Үндістан-0-0-1
  6. Молдова-0-0-1
  7. Қырғызстан — 0-0-1
  8. Марокко-0-0-1
  9. Италия-0-0-1.

3d7c42e1 5e4a 4ed6 aee2 93824258483f

ad22c284 224d 44de ad51 e4d859eb6adb

«СҰҢҚАР» СПОРТ КЛУБЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ДАСТАН ЖЫЛЫСБАЕВ

Прочитано 1140 раз
Top