Хабарландыру

Құрметті әріптестер! Елдегі төтенше жағдайдың жариялануына байланысты оқу процесі қашықтықтан оқу режиміне көшіп, біршама қиындықтарға тап болдық. Дегенмен, бұл жағдайдың да тиімді тұсы – университетімізде қашықтықтан оқу технологияларын бірлесіп дамытып отырмыз. Ол үшін осы істің бас-қасында үлес қосып жүрген әріптестеріміздің барлығына алғыс білдіреміз!
Өздеріңізге белгілі, жыл сайын осы уақытта университетімізде «ЖОО үздік мультимедиялық өнімі» байқауы өткізілетін. Қашықтықтан оқу режимінің енгізілуіне байланысты биыл осы байқаудың келесідей номинацияларын онлайн өткізілген сабақтардың арасынан саралап, таңдауды ұйғарып отырмыз:
 «Үздік ашық сабақ» номинациясы;
 «Үздік флипчарт» номинациясы;
 «Пәнді инновациялық толықтыру» номинациясы;
 «Инновациялық оқу лабораториясы» номинациясы;
 «Үштілді арнайы топтар арасында ағылшын тілінде үздік ашық сабақ» номинациясы.
Сонымен қатар, осы жұмыстың нәтижесінде байқауға қосымша бір - «Үздік ашық онлайн курс» номинациясы да қосылады.
Байқаудың негізгі ережелері өзгермейді. Негізгі талап – оқытушылар жоғарыда көрсетілген бір номинация бойынша бекітілген сабақ кестесіне сәйкес өздерінің өткізген онлайн сабағының видеожазбасымен байқауға қатысады.
Осыған байланысты, барлықтарыңызды осы байқауға қатысуға шақырамыз. Бұл шаралар оқу үрдісінде заманауи технологияларды және қашықтықтан оқу технологияларын пайдалануды жақсы деңгейге көтереді деп сенеміз!
Байқауға байланысты барлық сұрақтарды Оқу-әдістемелік бөлім басшысы Манапбаев Б.Ж. (87055674859) және ОӘБ инновациялық технологиялар және үш тілді білім беру секторының жетекшісі Бейсенбекова Ә.С. (8 707 8668999) қоюға болады.

Прочитано 2432 раз
Top