Дулати университетінің Ғылым және коммерцияландыру департаменті Коммерцияландыру бөлімінің сүйемелдеуімен «Жаратылыстану ғылымдары» факультеті «Биология» кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Гүлнәр Зияева ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2025–2027 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру байқауында 350 миллион теңгелік грантқа ие болды!
Жоба тақырыбы: «Қазақстанның оңтүстік аймағында құрғақшылыққа төзімді және жоғары өнімді құмай өсірудің агротехнологиясын одан әрі дәнді дақылдарға өңдей отырып енгізу».
Құмай – экологиялық тұрғыдан тиімді, құрғақ климатқа бейімделген, әрі ауыл шаруашылығында үлкен әлеуетке ие өсімдік. Бұл жобаның іске асуы елдегі азық-түлік қауіпсіздігін арттырып, агроөнеркәсіптік салаға жаңа серпін береді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығына инновациялық тәсілдерді енгізуге жол ашады.
Аталған жетістік университетіміздің ғылыми әлеуетін, зерттеушілеріміздің табандылығы мен қажырлы еңбегінің жемісі!
Гүлнәр Керімбекқызын құттықтаймыз! Әрі қарай кәсіби табыстар, жаңа жетістіктер мен шығармашылық шабыт тілейміз!