ҒЫЛЫМ МЕН БИЗНЕС АРАСЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТІК ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛУДЕ

Дулати университетінің Ғылым және коммерцияландыру департаменті  Коммерцияландыру бөлімінің басшысы Жайдарбек Толепбергенұлы мен Жамбыл облысының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Айдар Қайнарұлы арасында ресми кездесу өтті.

Кездесу мақсаты – екі мекеме арасында бұрын жасалған өзара түсіністік туралы меморандум аясындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру. Атап айтқанда, университет ғалымдары Жамбыл облысындағы кәсіпкерлерге ғылыми-зертханалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу арқылы қолдау көрсетіп, әртүрлі салалар бойынша оқыту курстарын ұйымдастыруды көздеп отыр.

Кездесу барысында өңірлік кәсіпкерлікті ғылыми тұрғыдан қолдау, инновациялық шешімдерді өндіріске енгізу және серіктестік жобаларды іске асыру мәселелері сөз болды. Бұл қадам аймақтың ғылыми-инновациялық әлеуетін арттырып, жергілікті кәсіп иелері үшін тың мүмкіндіктер ашпақ.

Тараптар алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.

Прочитано 117 раз
Top