«ЖАСА ҚАЗАҚ, ЖАСА ҚАЗАҚСТАНЫМ!» КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Айбарлы азаттығымыздың  айғағы болған ұлттық мереке - Республика күні Дулати университетінің қабырғасында кең көлемде атап өтілді.

Салтанатты шараға университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.

Концертті Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Байжұманов құттықтау сөзбен ашып, Қазақстан Республикасына деген әрбір азаматтың мақтаныш сезімі мереке кезінде қалай болса да шалқитындай реті бар. Қазақстанды бүгінде әлем жұртшылығы нарықтық экономикалы – демократиялық ел ретінде таныды. Ел бірлігін сақтауда татулықтың үлкен байлық екендігін бүгінде Қазақстан халықтарының барлығы айқын сезінеді,- деді.

Ізгі тілегін арнаған университет басшысы жоғары білім саласында жемісті қызмет еткен бірқатар профессор-оқытушылар құрамы мен ардагер ұстаздарды «Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен», Басқарма Төрағасы –ректордың «Құрмет» грамотасымен, «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» және «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгілерімен марапаттады.

Салтанатты жиын концерттік бағдарламамен өз жалғасын тапты. Университет студенттері құлақтың құрышын қандырып, тұла бойды алар әсем әуен мен мың бұрала бидің айдынында көрерменнің назарын шомылдырды. Жиналған жұрт әлеуметтік жұмыс басқармасы мен студенттердің шығармашылығын дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен мерекелік бағдарламаның септігінен Ұлттық мерекенің маңызын еселеп сезінді.

республика111111

республика22222

республика3333

республмика4444

республика55555

республика666

республика777

республика8888

республика9999

республика101010

республика11 11

республика12 12

 

Прочитано 186 раз
Top