ПРОФОРИЕНТОЛОГ МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Дулати университеті қабырғасында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасымен бірлесе отырып «Білім беру ұйымдарындағы кәсіби бағдар беру жұмысын сапалы ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Жиынға Жамбыл облысының білім беру ұйымдарының 500-ге жуық кәсіби бағдар беру жұмыстарына жауапты оқытушылар мен Дулати университетінің кәсіптік бағдарлауға жауапты мамандары қатысты.

Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер бойынша проректор Ләззат Калымбекқызы сөз алып, кәсіби бағдар беру жұмысының қаншалықты маңызды екенін ескерді. Сондай-ақ, осы саладағы мамандардың білімін үнемі жетілдіріп отыруы қажет екенін тілге тиек етті. Аудандардан, қала мектептерінен келген семинар қатысушылары сәттілік тілеп, іс-шараны ресми түрді ашып берді.

Семинар барысында қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Алуа Ахмедиарқызы, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтының «Педагогика және пәндік әдістер» кафедрасының аға оқытушысы Зере Осербаевна, Байзақ ауданы, №1 мектеп-гимназиясы директорының бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары Лазат Бейсетаевна оқушылардың кәсіби бағыты бойынша ата-анамен жұмысты тиімді ұйымдастыру, кәсіби бағдар беру жұмысын жоспарлау мәселелері бойынша сөз қозғады.

Дулати университетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушысы, профориентологтар ассоциациясының мүшесі, психолог-профориентолог Саят Әлішерқызы мен Тараз қаласы, 125 High School мектебінің кәсіби бағдар беру педагогі Қуаныш Тұрсынбайұлы мамандықтар атласы, тұлға қабілеттілігінің психологиялық ерекшеліктері, 21 ғасыр дағдылары туралы өз біліктіліктерімен бөлісті.

Сонымен қатар, психология ғылымдарының магистрі Куралай Абдималиковна қатысушыларға психологиялық тренинг өткізді. Белсенді білім саласының бірқатар қызметкерлері мен спикер мүшелеріне алғыс хат беріліп, университетіміздің брендтік бұйымдары сыйға тартылды.

«Білім беру ұйымдарындағы кәсіби бағдар беру жұмысын сапалы ұйымдастыру» тақырыбында өткен облыстық семинар студенттер ұйымдастырған концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

кабылдау111

кабылдау22222

кабылдау33333

кабылдау4444

кабылдау5555

кабылдау6666

кабылдау7777

кабылдау8888

кабылдау9999

 

Прочитано 162 раз
Top