Дулати университетінің қабырғасында «Ауыл» партиясының өкілдерімен кездесу өтті. Жиынға университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.
Кездесу мақсаты – салт-дәстүрге құрмет көрсете отыра, мәдени мұра мен шынайы патриотизмді дәріптеу және еліміздің даму үлесін жақсарту үшін студенттерді «Ауыл» партиясының ауыл-аймақтарды дамыту бағытында атқарылған жұмыстары және жобаларымен таныстыру.
Кездесу барысында басқарма-мүшесі әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Еділханұлы сөз алып, «Ауыл» партиясы тек ауыл шаруашылығы мәселелерін көтеріп қана қоймай, өзекті жайттардың шешімін табу жолында аянбай еңбек етіп, студенттерге арналған жаңа жобалары үшін өз алғысын білдірді.
«Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов келесі жылы партияның құрылғанына ширек ғасыр, яғни 25 жыл толатынын жеткізіп, партияның мақсат-міндеттеріне тоқталып өтті. Алдағы уақытта партия мен университет арасында бірлескен жобалар жүзеге асатынына сенім білдіріп, қолға алынған ауқымды бастамалар жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Студенттік және жастар жасақтарын құру», «Ауладан дастарханға» және «Қаз хабы» атты «Ауыл» партиясының жетекші жобалары студенттерге таныстырылып, жан-жақты ақпарат берілді. «Ауыл» партиясы тарапынан шағын және орта кәсіп бағытында тексерістен өткен бірнеше жобалар жүзеге асуда. Солардың бірі Пуерто Рикода Қазақстан атынан қатысып, халықаралық төрешілер тарапынан жоғары баға алған «Ауладан дастарханға» жобасы. Аталмыш жобаны экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Ауыл» партиясының мүшесі Ақмарал Болатовна таныстырды.